auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстандық белгілі спорт функционері Бекет Махмұтов көз жұмды

Ол бокс пен дзюдоның дамуына үлкен үлес қосқан.

Қазақстандық белгілі спорт функционері Бекет Махмұтов көз жұмды
Сурет: ҚБФ
Бүгін, 14 сәуірде спорт функционері Бекет Сапабекұлы Махмұтов 81 жасында дүниеден өтті.

Ол бокстан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы, самбодан КСРО спорт шебері, Халықаралық бокс федерациясының (АІВА) бұрынғы вице-президенті, Қазақстан бокс федерациясының және Қазақстан дзюдо федерациясының президенті болған. 

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Тимур Құлыбаев марқұмның отбасына көңіл айтты.

!Қазақстан спорты үлкен қазаға ұшырады. Белгілі қоғам қайраткері, спортшы әрі бапкер Бекет Сапабекұлы Махмұтов өмірден өтті. Еліміздегі ең құрметті спорт атқамінерлерінің бірі және қоғам қайраткері бар өмірін отандық спортты дамытуға арнады. Ол ұзақ жылдар бойы Қазақстан әуесқой бокс федерациясын басқарып, Халықаралық федерацияда басшылық қызмет атқарған алғашқы қазақстандық өкіл санатына енді, сонымен қатар, дзюдо федерациясын басқарды. Бекет Сапабекұлының басшылығымен қазақстандық бокс әлемдік аренада нық қадам басқан болатын. Оның қолдауы, кәсіби шеберлігі және спортқа деген сүйіспеншілігінің арқасында отандық боксшылар Олимпиада ойындары мен өзге де ірі жарыстарда үлкен жетістікке жетті. Өзімнің және Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің, сондай-ақ, еліміздегі барлық спорттық қоғамдастық атынан Бекет Сапабекұлы Махмұтовтың өмірден өтуіне байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына және барша әріптестеріне қайғырып көңіл айтамын", - деп келтіреді Құлыбаевтің сөзін olympic.kz.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар