Қазақстандық ару байдаркада есуден Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Сурет: olympic.kz©

Тайландтың Паттайя қаласында өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден Азия аймақтық іріктеу турнирінде Қазақстан командасының мүшесі кезекті жолдаманы жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында бір адамдық байдаркамен 500 метрге сынға түскен Наталья Сергеева жарыс жеңімпазы атанды. Нәтижесінде, ол Қазақстан қоржынына келесі жолдаманы салды. 

Айта кетерлігі, бұл байдарка мен каноэде есу спорты бойынша Қазақстан қоржынындағы үшінші жолдама. Ағайынды Емельяновтар каноэде есуден Олмпиада лицензиясына иелік етсе, әйелдер арасында екі адамдық каноэде 500 метр қашықтықта сынға түскен Маргарита Торлопова мен Светлана Усова жолдама жеңіп алған болатын. 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды