Қазақша жаңалықтар
21 сәуір 2023 17:39
 

Қазақстанда енді ұлттық команда жаңа ереже бойынша жасақталады

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанда енді ұлттық команда жаңа ереже бойынша жасақталады ©ҚР ҰОК

Қазақстанда ұлттық құраманы жасақтау қағидаты өзгерді. Бұған дейін команданы тек чемпиондар мен жүлдегерлерден ғана жасақталса, енді құрамаға жылдың басты республикалық және халықаралық жарыстарында 1-ден 8-ге дейін орын алған спортшылар қабылданады. 

blog.share

Қазақстанда ұлттық құраманы жасақтау қағидаты өзгерді. Бұған дейін команданы тек чемпиондар мен жүлдегерлерден ғана жасақталса, енді құрамаға жылдың басты республикалық және халықаралық жарыстарында 1-ден 8-ге дейін орын алған спортшылар қабылданады. 

Жаңа жасақтау қағидатын енгізу үшін қолданыстағы заңнамаға түзетулер енгізілді.

Аталған өзгеріс бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, әйелдер күресі, биатлон, шаңғы жарысы, таеквондо және WTF спорт түрлеріне қатысты.

Біз дарынды спортшылар үшін ұлттық құрама қатарына қосылу мүмкіндігін кеңейтуіміз керек деп санаймыз. Әсіресе, болашағынан зор үміт күтетін, тәжірибелі, дарынды, жас спортшылар үшін, оның ішінде ауыл спортшылары үшін бұл да өзін-өзі дәлелдеуге жақсы мүмкіндік. Бұл өзгерістер пайдалы болады және дұрыс бәсекелестіктің дамуына ықпал етеді деп үміттенеміз, – деді Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.

Спорттық ойын түрлеріне де осы тәртіп қолданылады, бірақ негізгі және қосалқы командаларға жылдың басты республикалық және халықаралық турнирлерінде 1-ден 10-шы орынға дейін иеленген спортшылар шақырылады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!