Қазақстандағы жалғыз спорт арнасын кім басқаратыны айтылды

Сурет: ҚФФ
Қазақстанда спорт туралы хабар тарататын QazSport телеарнасын кім басқаратыны белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

5 маусымда Павел Цыбулин QazSport арнасының директоры қызметінен кеткен болатын. Ол телеарнаға бес жыл басшылық етті. 

Qazsport телеарнасының директоры қызметінен кетті

Журналист Айдын Қожахметтің мәліметінше, QazSport арнасын енді Нағи Бақытбеков басқаратын болады. Бақытбеков Қазақстан футбол федерациясының PR және маркетинг департаментінің жетекшісі, Kazfootball.kz порталының иесі және Қазақстан құрамасының бренд-амбассадоры. 

"Әзірге ресми ақпарат жоқ. Бірақ сенімді мәлімет көздері растады. Бұйрық та шығыпты", - дейді Қожахмет. 
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды