Қазақстанда спорт матчтері көрерменсіз өтеді

Қазақстанда спорт матчтері көрерменсіз өтеді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа қатысты баспасөз-мәслихатында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ойындар жоспар бойынша өтеді, бірақ көрерменнің баруына тыйым салынады. Бұл халықаралық тәжірибе. Барлық еуропалық елде ірі командалар ойнап жатыр, бірақ көрермендер жоқ. Бізде де осындай шешім қабылданды", - деді Ералы Тоғжанов.

Еске салайық, ДДҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялаған болатын.
Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды