Қазақша жаңалықтар
4 тамыз 2017 14:08
 
Қазақстанда допинг қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасы дайындалып жатыр

  Пікірлер

blog.share

Қазақстанда допинг қолданғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы заң жобасы дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлемдік аренада жоғары спорттық жетістіктерге жету үшін ҚР-ның допинг туралы заңына допинг қолданғаны үшін қатаңдатылған қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартатындай етіп өзгеріс енгізу қажет. Бірінші кезекте халықаралық допингке қарсы нормаларға сай болу үшн тыйым салынған дәрмектер мен бөлінетін субсидиялар үшін жауапкершілікті арттыру қажет", - дейді Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев.

Заң жобасы бойынша, допинг қолданған спортшы ұлттық құрама сапынан шеттетіледі. Сонымен бірге, ол үкімет тарапынан берілген барлық сыйақы, пәтер мен төлемдерді қайтару керек болады.

"Допинг қолдану спортшының денсаулығына да зиян. Допинг қолдану дауға ұласып, Қазақстан спортының атына кір келтіреді", - Уәлиев.

"Допинг қолданғандардың 90 пайызы ұлттық құрама мүшелері екенін атап өту керек. Яғни оларды жаттықтыруға мемлекет үлкен қаржы және адам ресурстарын жұмсайды. Ал допинге қарсы әлемдік тәжірибе онымен күрес мәмілесіз екенін көрсетіп отыр", - деп аяқтады ол.

Жарнама

Живи спортом!