Қазақша жаңалықтар
17 қазан 2023 17:21

Қазақстанда 18 жастағы футболшы жаттығу кезінде мерт болды

©NEWS.ru

Петропавл қаласының тұрғыны жаттығу кезінде ішіне доп тиіп құлаған кезде басын ұрып алған, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жерге құлаған соң есінен танып қалған жігіт, комаға түскен. Оны алып кеткен дәрігерлер жігітті аман алып қала алмады, 18 жастағы жігіт аурухананың қабылдау бөлімінде көз жұмыпты. 

Жаттығудың кешкі уақытта болғаны айтылды. Оған дейін марқұм денсаулығына шағымданған екен. Оқиға Жабаев көшесіндегі Қарасай стадионында болыпты. 

Айта кетейік, өткен айда Астанада 10 жастағы балақай да мерт болды. Мектеп стадионында оны құлаған қақпа басып қалған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport