Қазақша жаңалықтар
18 наурыз 15:09

Қазақстан спорттық жүрістен АЧ-де екі жүлде жеңіп алды

©ҚР ҰОК

Жапонияның Номи қаласында спорттық жүрістен Азия чемпионаты өтті.

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасы бұл жарысты екі медальмен аяқтады.

Екі жүлдені де 20 шақырымдық қашықтықта жеңіп алды. Ерлер арасында Георгий Шейко күміс жүлдегер атанды, оның көрсеткіші – 1:23:07.

Ал әйелдер сайысында Жасмин Тоқсанбаева 1:33:11 нәтижемен қола медаль иеленді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport