Семсерлесуден Қазақстан ұлттық құрамасы Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен Әлем кубогі кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды ҚР Спортты дамыту дирекциясы.
Шешуші жарыс күні командалық сайыста Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, сенсация жасады. Алтын медаль үшін тартыста Нидерланд құрамасынан басым түсті. Есеп: 34-20.
Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертайдан жасақталған ұлттық құрама 1/32 кезеңде Колумбияны 45-41 есебімен ұтқан. Одан кейін Италия құрамасынан басым түсіп, үздік сегіздікке кірді. Есеп: 45-31. Ширек финалдағы тартысты айқаста отандастарымыз Аргентинадан басым болды. Есеп: 45-44. Ал жартылай финалда қазақстандықтар Испаниядан келген қарсыластарына сенімді түрде жеңді (45-32).
Жалпы, бұл кезеңде 45 елден 350-ге тарта семсерлесуші бақ сынады.