auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Қазақстан президенті Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты

Қазақстан президенті Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты
©

Мемлекет басшысы Бейжіңдегі "Құс ұясы" ұлттық стадионында өткен XXIV қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Ақорда. 

Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен қатар Аргентина, Мысыр, Қырғызстан, Польша, Ресей, Сингапур, Сербия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Эквадор президенттері, Катар Әмірі, Босния және Герцеговина, Грекия, Моңғолия және Пәкістан премьер-министрлері, Камбоджа Королі, Сауд Арабиясының тақ мұрагері, Абу-Дабидің тақ мұрагері, Монаконың ханзадасы, Люксембургтың Ұлы герцогы, Таиландтың ханшайымы, БҰҰ Бас хатшысы, Халықаралық олимпиада комитетінің президенті, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры, Шанхай ынтымақтық ұйымының Бас хатшысы және басқа да бірқатар шетелдік ресми тұлға қатысты.

Олимпиадаға қатысушы мемлекеттер спортшыларының салтанатты шеруінде Қазақстанның Мемлекеттік туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев пен конькимен жүгіруші Екатерина Айдова алып өтті. Қазақстанның ұлттық құрама командасына Қасым-Жомарт Тоқаев қол бұлғап, қолдау көрсетті.

Қысқы Олимпиадада 87 жолдама ұтып алған ұлттық құрама сапындағы 34 спортшы жүлдеге таласады. Олар шаңғы, фристайл, тау шаңғысы, трамплиннен шаңғымен секіру, шаңғы қоссайысы, биатлон, конькимен жүгіру және шорт-трек сияқты спорттың сегіз түрі бойынша сайысқа түседі.

16 күнге созылатын Олимпиада ойындарында спорттың 15 түрінен 109 медаль сарапқа салынады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша 2023, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
8 қараша 2023, 09:25
Қазақша жаңалықтар
©instagram.com/kairat4/ Бостандыққа шыққан Боранбаев мәлімдеме жасады
30 қазан 2023, 12:37
Қазақша жаңалықтар
©gov.kz Қазақстан Азия Пара ойындарын 11-орынмен аяқтады
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама