Қазақстан құрамасының капитаны бокстан әлем біріншілігінде күміс медаль жеңді

© Данияр Майлыбаев

Қазақстандық ауыр салмақтағы Қамшыбек Күнқабаев Ресейдің Екатеринбург қаласында болған бокстан 2019 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Ауыр салмақтағы (91 келіден жоғары) 27 жастағы Күнқабаев финалда өзбекстандық Баходир Джалоловпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды.



Күнқабаев аустралиялық Юстис Хунидің келмеуіне байланысты финалға жекпе-жексіз өтті, бұған дейін төрешілердің бөлек шешімімен германиялық Нелви Тиафакты жеңді және испаниялық Ауба Гадфуды нокаутқа жіберді.


Айта кетелік, Күнқабаев пен Джалолов бірінші рет кездесіп тұрған жоқ. 2017 жылы өзбек боксшысы Ташкентте өткен Азия чемпионатында жеңіске жеткен, бірақ сол кездегі әлем чемпионатының ширек финалында қазақстандық реванш алып, турнирді күміс медальмен аяқтаған. Азия чемпионаты-2019 финалында да Джалолов жеңіске жеткен.

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды