Қазақстан қоржынына жағажайдағы Азия ойындарының алғашқы жүлдесі түсті

©Никита Басов, ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында алғашқы медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

62 келіге дейінгі салмақта Батыр Теңізбай джиу-джитсудан қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін өткен бәсекеде отандасымыз Мансұр Хабибулламен кездесті. Нәтижесінде Батыр Теңізбай 2:0 есебімен жеңіске жетіп, жүлделі орынға ілікті.

Айта кетейік, бүгін сондай-ақ, Жібек Құлымбетова (52 келіге дейін) және Ажар Салықова (63 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport