Қазақстан құрамасы Қытайдың Санья қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарында алғашқы медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
62 келіге дейінгі салмақта Батыр Теңізбай джиу-джитсудан қола жүлдегер атанды. Үшінші орын үшін өткен бәсекеде отандасымыз Мансұр Хабибулламен кездесті. Нәтижесінде Батыр Теңізбай 2:0 есебімен жеңіске жетіп, жүлделі орынға ілікті.
Айта кетейік, бүгін сондай-ақ, Жібек Құлымбетова (52 келіге дейін) және Ажар Салықова (63 келіге дейін) қола жүлде үшін күреседі.
Жарнама