Ресейдің Екатеринбург қаласында болып жатқан бокстан 2019 жылғы әлем чемпионатының ақтық сынына қатысушылар анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Жартылай финал бүгін, 20 қыркүйекте өтті. Қазақстан атынан шыққан алты спортшының екеуі финалға шықты. Олар: Бекзат Нұрдәулетов және Қамшыбек Құнқабаев.
Әлем чемпионатының барлық финалисі.
52 келіге дейін:
Шахобиддин Зоиров (Өзбекстан) - Пангал Амит (Үндістан).
57 келіге дейін:
Ласаро Альварес ( Куба) - Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан).
63 келіге дейін:
Энди Круиз (Куба) - Кейшон Дэвис (АҚШ).
69 келіге дейін:
Андрей Замковой (Ресей) - Пэт Маккормак (Англия).
75 келіге дейін:
Глеб Бакши (Ресей) - Эмир Феликс Марсьяль (Филиппин).
81 келіге дейін:
Бекзат Нұрдәулетов (Қазақстан) - Дилшодбек Рузметов (Өзбекстан).
91 келіге дейін:
Муслим Гаджимагомедов (Ресей) - Хулио Кастильо (Эквадор).
91 келіден жоғары:
Қамшыбек Күнқабаев (Қазақстан) - Баходир Джалолов (Өзбекстан).
Финал және марапаттау рәсімі 21 қыркүйекте өтеді. Бірінші жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады.