Қазақстан Азия Пара ойындарында тағы екі алтын алды

©Қазақстан Ұлттық паралимпиадалық комитеті

Қазақстан құрамасы Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия Пара ойындарында жеңіс тұғырының биігінен көрінді.

Тасжолдағы велоспорттан ерлер арасында В санатында Наиль Ермұханбет 65 шақырымды 2 сағат 1 минут 21 секундта жүріп өтіп, алтыннан алқа тақты. Ал Кирилл Илюкевич 2 сағат 11 минут 42 секунд нәтижемен күміс жүлдегер атанды.

Әйелдер арасында 55 шақырым қашықтықта Анастасия Калаус 2 сағат 5 минут 47 секунд уақыт көрсеткішімен алтын жеңіп алды. Жұлдыз Қайнарова 2:09.43 уақыт нәтижесімен күміс медальға ие болды.

Сондай-ақ бүгін, 23-ші қазанда Азия Пара ойындарында пара пауэрлифтингтен Қазақстан ерлер командасы 412.09 коэффициентпен қола медальді еншіледі.

Команда қатарында Давид Дегтярев, Ерболат Кәрібай мен Станислав Шакиев өнер көрсетті.

Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында жалпы 48 жүлде бар: 12 алтын, 15 күміс, 21 қола.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport