Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарында Қазақстанның жүлделік есептегі орны анықталды.
Жарыстың соңғы күні Қазақстан қоржынын синхронды жүзу командасы қола және каратеші Мөлдір Жаңбырбай күміс жүлдемен толықтырды.
Осылайша, Қазақстан құрамасында жалпы 80 жүлде болды - 10 алтын, 22 күміс және 48 қола. Мұнша жүлденің саны мен сапасы бойынша Қазақстан аяқталған Азия ойындарында 11-орында.
Бірінші орында Қытай - 383 (201-111-71), Екінші - Жапония - 188 (52-67-69), одан кейін Оңтүстік Корея - 190 (42-59-89).