Қазақстан астанасындағы спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің аты берілді

Нұр-Сұлтандағы Jekpe-Jek Saraiy спорт кешеніне Жақсылық Үшкемпіровтің аты берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен әрі қолдауымен Елордамыздағы Жекпе-жек сарайына ресми түрде даңқты балуан, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың есімімен аталатын болды. Бұл шешім былай қабылданған еді...", - деп жазды ол.

 


© Facebook/Берік Уәли

Айта кетейік, бұл сарай 2019 жылдың 6 шілдесінде ашылды. Онда 25 метрлік бассейн, жаттығу және күрес залдары, футбол алаңы, сондай-ақ жайлы қонақүй бар.

Құрылысты "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры жүзеге асырған. Жобаның құны шамамен 19,5 миллиард теңге.


© YouTube/BI GROUP

 

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды