Карантин талаптары жеңілдетілді. Стадиондарға қанша жанкүйер кіргізуге болатыны туралы шешім шықты

© Сурет: https://www.instagram.com/astanarena/

Коронавирус инфекциясының таралауына жол бермеу жөніндегі ведомство аралық комиссия Қазақстан аумағында карантин талаптарының жеңілдегенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидахуалдың тұрақталып келе жатқандығын және соңғы екі аптада коронавирусқа шалдығу мен осы кесел нәтижесінде туындайтын өлім саны 60%-ға азайғанын жеткізді. 

Осыған орай 27 қыркүйектен бастап ведомство аралық комиссия Ashyq бойынша "қауіпсіз", яғни жасыл статустағы адамдар мен қызметкерлердің қатысуымен өтетін іс-шараларға рұқсат берді.

Спорттық шаралар да енді жанкүйерлерімен қауышады. Аренаның "жасыл" аймағына 80%, "сары" аймағына 70%, ал "қызыл" аймағында 50% көрермен кіргізуге болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды