1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Қарағанды әкімдігі Сәпиевтің шешімі туралы хабарлады

  Пікірлер

blog.share

Қарағанды әкімдігі Сәпиевтің шешімі туралы хабарлады ©ҚР ҰОК

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасында болған даулы жағдайдан кейін Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен босатылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлімдеді.

blog.share

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасында болған даулы жағдайдан кейін Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов қызметінен босатылды. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімдігі мәлімдеді.

"Қарағанды облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Оқиғаның мән-жайы

23 қаңтарда БАҚ пен әлеуметтік желілерде "Серік Сәпиевті өз орынбасары соққыға жыққаны" туралы ақпарат тарады.

Кейінірек Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі мән-жайды айтты. Ведомство мәліметінше, 21 қаңтарда қаладағы спорт кешендерінің бірінде екі ер адам арасында жанжал туындаған.

"Қарағанды қаласының 42 жастағы тұрғынының арызы негізінде ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция бұған дейін.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы тарады. Сондай-ақ, боксшының өзі де мәлімдеме жасады.

Серік Сәпиев - 2012 жылғы Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері. Қазір ол Қарағанды облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарады.

Дәурен Есімханов - Серік Сәпиевтің орынбасары және танымал спортшы, самбодан Азия және әлем чемпионаттарының жүлдегері, World Games-тің күміс жүлдегері, джиу-джитсудан әлем чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!