auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Калистеника немесе дененің өз салмағымен жаттығудың артықшылғы

Калистеника немесе дененің өз салмағымен жаттығудың артықшылғы
©habr.com

Өз салмағыңмен жаттығып, қандай нәтижеге жетуге болады?

Әлемде салауатты өмір салтын ұстанатындар қатары көбейіп келеді. Осыған байланысты қазіргі таңда жаттығу бағдарламаларының да түрлері көбейді, олардың арасынан кез келген мақсатқа жетуге сай келетінін табуға болады. Дегенмен сұранысы өзгелерден артығы бар, ол өз дене салмағымен жасалатын жаттығулар бағдарламасы. 

Таратып айтайық

Мұндай жаттығуларды батыс елдерінде калистеника деп атайды. Грек тілінен аударғанда "kalos" – сымбаттылық, "sthenos" – күш. Демек нәтижесінде дене бітіміміздің осы екі көрсеткіші артады. Ал бұл жердегі басты жаттығу құралы - адамның өзі. Өз дене ауырлығымен жаттығу кезінде ешқандай арнайы құрылғыны қолданбауға да болады. Дегенмен кей жаттығуда олар бәрібір қажет. Ал мұндай жаттығу бағдарламасы дененің созылмалылығын немес икемділігін, жылдамдық пен күшті арттыруға бағытталған. 

Калистениканың пайдасы

1. Уақыттың үнемділігі. Көптеген жаттығу залдарында белгілі бір құрылғылар үшін кезек туындап қалады. Оның үстіне спортзал қашықта болуы ықтимал немесе қандайда бір себептермен залда ұзақ бола алмауыңыз мүмкін. Ал калистеника үшін қосымша құрылғылар қажет емес. Егер мұнымен ұзақ айналысып келе жатсаңыз, қайталайтын жаттығуларды үзіліссіз жасауға болады. Жаттығуды айналдыра жасау майды кетіріп, зат алмасуды жақсартады. 

2. Буындарға ауырлық азырақ түседі. Жаттығу залына баратындардың арасында буыны ауыра бастағанына шағымданатындар кездеседі, бұл ауыр салмақ көтерудің кеселі. Әдетте шала қыздырыну мен жаттығуды дұрыс орындамау буындағы ауырсынуды ушықтыруы мүмкін. Ал өз дене салмағымен жаттығу кезінде буынға артық күш түспейді, сондықтан жарақат алу ықтималы төмен. 

3. Калория көбірек жұмсалады. Көбірек энергия жұмсалады, май тезірек кетіп, бұлшық еттің өсуі жылдамдайды. 

4. Координацияның жақсаруы. Өз дене ауырлығымен жаттығу кезінде әрбір бұлшық ет жұмыс істейді десе болады. Осы арқылы ептілік артады. 

5. Белгілі бір ғылыми білім қажет емес. Барлық жаттығу айтарлықтай оңай орындалады, табиғи қимыл негізінде болғандықтан түсіну оңай. Калистеника ерлерге де, әйелдерге де, тіпті кез келген жастағы адамға жарайтын спорт түрі. Осы арқылы артық салмақтап арылып, келесідей мәселелрді шешуге болады: 

  •  дене бітімін әсем ету;
  •  шыдамдылық, координация мен жылдамдықты арттыру;
  •  бұлшы ет өсіру.

Маңызды ескету!

Бұлшық ет массасын жинауды мақсат етсеңіз, дене ауырлығымен жаттыққанда уақыт өткен сайын олар әдетті іске айналып, жеңілдей түсетінін түсіну керек. Артық салмағы бар қыздарға мұндай жаттығулар зиян келтіруі мүмкін, өйткені белгілі бір органдарға артық салмақ түседі. Басқаша айтқанда, бастапқыда білікті маманның көмегі қажет болады. 

Ал келесі жаттығулар ең қарапайым әрі нәтижелі. Бұл тізім бәріне түсінікті әрі әркім орындай алады: 

  • турникте тартылу;
  • көлденең күйде қолды бүгіп-жазу (отжимания);
  • тұрған немесе отырған күйде жоғары секіру;
  • жатқан күйде бүгілу (двойные скручивания);
  • планка.

Енді жаттыға бастағандар үшін бұл жеткілікті. Уақыт өткен сайын күрделілік қажет. Ал жаттығуды үйде немесе табиғат аясында өткізе беруге болады. Бұл жаттығу залына жетуге жұмсалатын уақытты үнемдейді. Дене салмағымен жаттығу арқылы өз мүмкіндігіңізді толық пайдалануға болады. Дегенмен бұл ретті іс болуы керек және бастапқыда маманның кеңесі қажет екенін естен шығармауды сұраймыз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама