Кабирхан Дубайдағы жарысқа қатыспайды. Себебі айтылды

©instagram.com/racingdubai

Қазақстанның сәйгүлігі Кабирхан 3 наурыз күні Дубайда өтетін Dubai Racing Carnival: Super Saturday жарысына қатыспайтын болды. Бапкер Даг Уотсон мен аттың иесі Тілек Мұханбетқалиев осындай шешімге келген. Оның орнына 30 наурызда өтетін Әлем кубогында бақ сынамақ. 

Кабирхан Дубайдағы ат жарысқа тіркелген болатын. Жүлде қоры 1,7 миллион долларды құрайтын сында 3 шақырымды қашықтықта жарыс жолына шығады деп күтілген. Алайда Әлем кубогына дұрыс дайындалу үшін бұл жарысқа қатыспауды ұйғарыпты. 

"Кабирханның жағдайы жақсы. Бапкер Даг Уотсон мен жануар иесі Тілек Мұханбетқалиев сенбі күнгі жарыстан бас тартып, 30 наурызда өтетін Әлем кубогіне дайындалуды жөн көрді", - делінген Dubai Racing Club баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Кабирхан қатысатын Әлем кубогының жүлде қоры – 7,5 миллион доллар. Қазақстан сәйгүлігі 3,2 және 2,5 км қашықтықта жарысуға тіркелген. 

Айта кетейік, Кабирхан Al Maktoum Challenge жарысының екі кезеңінде бірінші келіп, Әлем кубогы жарысына қатысуға мүмкіндік алған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды