"Жылқы етін жақсы көремін". Головкин МакГрегордің диетологымен жұмысы жайлы айтты
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Business Insider-ге берген сұхбатында диетолог Джеймс Локвудпен бірге жұмысы жайлы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Business Insider-ге берген сұхбатында диетолог Джеймс Локвудпен бірге жұмысы жайлы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Локвуд қазақстандық боксшының командасына көктемде жаңа бапкері Джонатан Бэнкспен бірге кірген. Тамақтану жөніндегі маман UFC-дің экс-чемпионы ирландиялық Конор МакГрегормен жұмысымен танымал.
Головкиннің айтуынша, Локвудтың диетасымен барлығын жеуге болады, онымен жұмыс тамақты "әлдеқайда дәмдірек" етеді. "Жекпе-жек алдында мен бір нәрсе ішуді ұнатамын", - деді Головкин журналиске, содан кейін бірден жаттықтырушысына бұрылып, қалжыңдағанын мойындады.
Қазақстандық етті жақсы көретінін айтты. Ол Джек Лондонның "Кесек ет" әңгімесін еске түсірді, онда жасы үлкен боксшы Том Кинг карьерасы үшін шешуші жекпе-жекке шығады. "Джек Лондон мен оның "Кесек еті" әрдайым есімде. Әр адам оны оқуы керек және әр адам бұл еттен үлкен бөлік жеуі тиіс", - деді Головкин.
2017 жылы Головкин GQ-ға берген сұхбатында ол үшін жеңіс үшін берілген тамаша тағам "стейк" екенін айтқан. Қазір де солай екен.
"Түрлі ел тағамдарымен тәжірибем бар. Мысалы, Қазақстанда жылқы етін сүйемін, ал Италияда - паста. Мен үшін барлығы қызық. Салмақ өлшегеннен немесе жекпе-жектен кейін не жегім келетінін көре жатармыз. Мүмкін, бұл рейр қуырылған стейк болады", - дейді Головкин.
Боксшының айтуынша, келесі жекпе-жекте ол IBF титулы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы бос белбеуін иеленсе, Локвудтың тамақтану әдісін "Әлем чемпионы диетасы" деп атайтынын мәлімдеді.
Еске салсақ, 5 қазанда Madison Square Garden аренасында Головкин украиналық Сергей Деревянченкомен кездеседі.
Жарнама