Қазақша жаңалықтар
29 маусым 2023 15:15
 

"Жаттығуым таңғы 6:00-де басталды": 70 жасқа таяған қария қалай чемпион болғанын айтты

  Пікірлер

blog.share

"Жаттығуым таңғы 6:00-де басталды": 70 жасқа таяған қария қалай чемпион болғанын айтты ©

Шығыс Қазақстан облысы Ақши ауылының тумасы Дәулет Темірханов жуықта Астана қаласында қоян-қолтық ұрыстан өткен Әлем чемпионатында топ жарды. Финалда Ресейдің мықтысынан басым түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

blog.share

Шығыс Қазақстан облысы Ақши ауылының тумасы Дәулет Темірханов жуықта Астана қаласында қоян-қолтық ұрыстан өткен Әлем чемпионатында топ жарды. Финалда Ресейдің мықтысынан басым түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның айтуынша, алда ауқымды аламан күтіп тұрғанын ескеріп, тыңғылықты әзірлікті былтыр мамырда бастап кеткен.

"Күніне екі уақыт залға барып дайындалдым. Биыл ақпанда Щучинск қаласында қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионаты өткен еді. Сол жерде мықтылар Әлем чемпионатына іріктелді. Онда бірінші орын алып, бірден жаттығуға кірістім. Дайындық таңғы сағат 6:00-07:00 шамасында басталды", - деді Дәулет Темірханов.

Таңғы гимнастика елордадағы "Жерұйық" саябағында өтті.

Айта кетейік, ғұмырын спортқа арнаған жан Астанада тұрады. Кешкісін қоян-қолтық ұрыс залына барып жаттығып, күн аралатып жалпы физикалық дайындық жүргізді. Тек жексенбі күні ғана демалды.

Бұл уақыт аралығында екі рет Щучинск қаласында оқу-жаттығу жиыны өткен. Сәуірден бастап 15 маусымға дейін Қазақстан құрама командасы дайындықтан өтіп, Астанадағы Әлем чемпионатына тас-түйін келді.

"Бұл Әлем чемпионатына 32 мемлекеттен 312 адам қатысты. Негізгі бәсеке Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Белоруссия, Ресей, Моңғолия, Тайланд елдері спортшыларының арасында өрбіді. Маған Ресей, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген атлеттер қарсылас атанды. Финалда ресейлік Владимир Рудаковпен жолым түйісіп, 11:4 есебімен жеңдім. Осылайша, елордада Әлем чемпионы атанып, "Халықаралық дәрежедегі спорт шебері" атағын алдым", - деді Ақшидің тумасы.

Ал жетпіске таяса да бабында жүруінің сырын үздіксіз дайындықпен байланыстырды. Оның сөзінше, күнделікті сағат 6:00-де тұрып, саябақта кунг-фу жаттығуларын жасайды. Сағат 08:00-де фитнес-залға келіп, тренажерлерде дайындалады.

"Кешкісін залда өтетін қоян-қолтық ұрысқа ден қоямын. Аптаның алғашқы бес күні осылай өтсе, арасында велосипед теуіп тұрамын", - деді ардагер спортшы.

Оның дене жаттығуы мұнымен де шектелмейді. Ол сенбі сайын "Динамо" спорт залында үстел теннисі мен волейбол ойнап қайтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!