1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Қазақша жаңалықтар
24 қазан 12:29
 

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан алғашқы алтынын жеңіп алды

  Пікірлер

blog.share

Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан алғашқы алтынын жеңіп алды ©Сали Сабиров

Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

blog.share

Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Отандастарымыз жекелей уақытқа жарыс форматындағы командалық эстафетада (аралас құрам) үздік нәтиже көрсетті.

Бірінші кезеңнен кейін Қазақстан уақыт бойынша үшінші орында келе жатқан еді. Алайда соңғы кезеңде спортшыларымыз қарқын қосып, мәреге бірінші болып жетті.

Ұлттық құрама сапында Кирилл Полышев, Данил Третьяков, Ринат Ерік, Ирина Ивановская, Валерия Кузнецова, Анель Ташбай өнер көрсетті.

Иран құрамасы күміс алса, ал Тайбэй құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұл - Қазақстан құрамасының осы Азиададағы алғашқы алтыны.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!