Қазақша жаңалықтар
1 наурыз 2017 19:55
 

Жас өрендердің алдында үлкен футболдың даңғыл жолы жатыр - Станимир Стойлов

  Пікірлер

blog.share

Жас өрендердің алдында үлкен футболдың даңғыл жолы жатыр - Станимир Стойлов Станимир Стойлов. "Астана" ФК ресми сайтынан

"Астана" футбол командасы "Астана Арена" спорт кешеніндегі дайындық жұмыстарын бастап кетті. 4 наурыз күні маусымды Алматының "Қайратына" қарсы Қазақстан Суперкубогі үшін болатын ойынмен ашады. Маусымаралық жиындар, жас футболшылардың жұмыстары және "Қайратқа" қарсы ойынға деген футболшылардың ынтасы туралы бас бапкер Станимир Стойлов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында әңгімелеп берді.

— Біз жиындарды өте тамаша жағдайларда өткіздік. Футболшылардың дайындық жұмыстары жемісті болады деп сенемін. Жолдастық кездесулердегі жеңіс немесе жеңіліс ешнәрсені белгілеп бермейді. Басты мәселе клубтың маусымға қандай дайындықпен келуі және қалай бастауында жатыр. Өткен ойындарда біз қорғаныс шебінде жақсы ойнай алдық, бірақ шабуылда туындап жатқан мәселелерді шешуіміз қажет. Жалпы, мен ойыншыларды қорғаушылар және шабуылшылар деп жіктемеймін, команда қорғаныста да, шабуылда да бірдей жақсы ойын өрнегін көрсетуі тиіс.

— Командамен бірге бір топ жас футболшылар жұмыс істеді. Олардың дайындығы жайлы не айта аласыз?

— Олардың алдында үлкен футболдың даңғыл жолы жатыр. Көп еңбектену керек, олардың жоғары деңгейдегі футболдан тәжірибесі жоқ, дегенмен олар әрекет етуде. Егер олар дәл осы бетінен таймаса, бір-екі жылда «Астана» сапында тәуір жас дарын иелері болады. Егер олар өзін қазірдің дайын футболшымын деп ойлайтын болса, «Астананың» деңгейінде ешқашан ойнай алмауы мүмкін. Қазір барлығы өз қолында. Біз оларды қолдаймыз, міндеттейміз, «Астана» менталитетін сіңдіреміз.

— Ал команданың жаңа футболшылары оқу-жаттығу жиынында өздерін қаншалықты көрсете алды?

— Жаттығу кезінде олардың барынша әрекет етіп жүргенін көрдім, маған да керегі сол. Жаңа футболшылар сырт көз тиісті бағасын берерліктей деңгейін ресми ойындарда өздері көрсетуі тиіс. Біз оларды «Астана» командасының тиісті проблемаларын шеше алады деген оймен алдық.

— 4 наурыз күні маусым Суперкубок ойынымен басталады. Матчтың ресми сипаты, турнирлік мәні жоқ екенін ескерсек, команданы ойынға ынталандыру қаншалықты қиын болмақ?

— «Қайратқа» қарсы ойында футболшылардың ынтасы әрдайым жоғары. Бұл ретте мәселе туындауы мүмкін емес. Ойында елдің ең жақсы екі командасы алаңға шығады. Демек, екі команданың қатысуымен сапалы ойын күтуге болады.

— Сөз соңында: «Астана» жанкүйерлеріне тілектеріңізді білдірсеңіз.

— Олар бізді өткен жылғыдай қолдайды деп ойлаймын. Біз өз кезегімізде команда фанаттарын қуанту үшін бар күшімізді салатын боламыз.

blog.share
"Астана" футбол командасы "Астана Арена" спорт кешеніндегі дайындық жұмыстарын бастап кетті. 4 наурыз күні маусымды Алматының "
Қайратына" қарсы Қазақстан Суперкубогі үшін болатын ойынмен ашады. Маусымаралық жиындар, жас футболшылардың жұмыстары және "Қайратқа" қарсы ойынға деген футболшылардың ынтасы туралы бас бапкер Станимир Стойлов клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында әңгімелеп берді.

— Біз жиындарды өте тамаша жағдайларда өткіздік. Футболшылардың дайындық жұмыстары жемісті болады деп сенемін. Жолдастық кездесулердегі жеңіс немесе жеңіліс ешнәрсені белгілеп бермейді. Басты мәселе клубтың маусымға қандай дайындықпен келуі және қалай бастауында жатыр. Өткен ойындарда біз қорғаныс шебінде жақсы ойнай алдық, бірақ шабуылда туындап жатқан мәселелерді шешуіміз қажет. Жалпы, мен ойыншыларды қорғаушылар және шабуылшылар деп жіктемеймін, команда қорғаныста да, шабуылда да бірдей жақсы ойын өрнегін көрсетуі тиіс.

— Командамен бірге бір топ жас футболшылар жұмыс істеді. Олардың дайындығы жайлы не айта аласыз?

— Олардың алдында үлкен футболдың даңғыл жолы жатыр. Көп еңбектену керек, олардың жоғары деңгейдегі футболдан тәжірибесі жоқ, дегенмен олар әрекет етуде. Егер олар дәл осы бетінен таймаса, бір-екі жылда «Астана» сапында тәуір жас дарын иелері болады. Егер олар өзін қазірдің дайын футболшымын деп ойлайтын болса, «Астананың» деңгейінде ешқашан ойнай алмауы мүмкін. Қазір барлығы өз қолында. Біз оларды қолдаймыз, міндеттейміз, «Астана» менталитетін сіңдіреміз.

— Ал команданың жаңа футболшылары оқу-жаттығу жиынында өздерін қаншалықты көрсете алды?

— Жаттығу кезінде олардың барынша әрекет етіп жүргенін көрдім, маған да керегі сол. Жаңа футболшылар сырт көз тиісті бағасын берерліктей деңгейін ресми ойындарда өздері көрсетуі тиіс. Біз оларды «Астана» командасының тиісті проблемаларын шеше алады деген оймен алдық.

— 4 наурыз күні маусым Суперкубок ойынымен басталады. Матчтың ресми сипаты, турнирлік мәні жоқ екенін ескерсек, команданы ойынға ынталандыру қаншалықты қиын болмақ?

— «Қайратқа» қарсы ойында футболшылардың ынтасы әрдайым жоғары. Бұл ретте мәселе туындауы мүмкін емес. Ойында елдің ең жақсы екі командасы алаңға шығады. Демек, екі команданың қатысуымен сапалы ойын күтуге болады.

— Сөз соңында: «Астана» жанкүйерлеріне тілектеріңізді білдірсеңіз.

— Олар бізді өткен жылғыдай қолдайды деп ойлаймын. Біз өз кезегімізде команда фанаттарын қуанту үшін бар күшімізді салатын боламыз.

Жарнама

Живи спортом!