Жас футболшыны оразада құрма таратып жүргенінде көлік қағып кетті

©Видеодан кадр

Алматыда 15 жастағы жасөспірімді көлік қағып, қаза тапты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы оқырмандар редакцияның WhatsApp нөмірі арқылы хабарлап, қайғылы оқиғаның видеосын ұсынды.

Соқтығыс сәті көліктің бейнетіркегіш камерасына түсіп қалған. Кадрлардан баланың жолды белгіленбеген жерден кесіп өткені көрінеді. Осы кезде жеңіл көлік жылдамдықты бәсеңдетуге үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кетеді.

Оқырмандардың айтуынша, оқиға 18 сәуірде кешкі сағат 19:45 шамасында Абай даңғылында Жетісу-3 шағын ауданына қарама-қарсы жерде болған.

"Toyota Camry жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен баланы қағып кетті. Оқиғадан бір сағат бұрын ол ауызашарға үлгермеген жүргізушілерге құрма мен су таратқан болатын", - дейді марқұмның футбол клубында бірге жаттығатын досы.

"Абай даңғылы бойымен батыс бағытта келе жатқан 1998 жылы туған жүргізуші 2007 жылы туған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қаққан, ол белгіленбеген жерден жолдың солтүстік бағыттағы бөлігін кесіп өтті. Соның салдарынан жаяу жүргінші түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізіліп, кейін қаза болды", - деп хабарлады қалалық ПД.

Дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды