Жапония коронавирус салдырынан миллиардтан аса табыстан қағылады

сурет: epa-efe

Токиодағы Олимпиада ойындары жанкүйерсіз өтуі салдарынан қонақүй бизнесіне айтарлықтай ауыр салмақ түсіп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Japan Times басылымына сілтеме жасап.

Күншығыс елінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адам саны артқандықтан, билік елде төтенше жағдай жариялаған. Шілденің 23-і мен тамыздың 8-і аралығы өтетін спорт мерекесінің тек 26 жарысында жанкүйерлерге стадионға кіруге рұқсат берген. Қалған 724 жарыс бос трибуналарда өтеді.

Арнайы жазғы ойындар болады деп Жапония астанасында ондаған қонақүй салынған. Алайда жарысқа тек спортшылар мен журналистер келетіндіктен, қонақүй бизнесімен айналысатындар 456 млн АҚШ доллар шығынға батады. Жалпы алғанда ұйымдастырушы ел жанкүйерлердің келмейтіндігінен 1,2 млрд АҚШ доллардан табыстан қағылып отыр.

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды