Жапондардың 50% Олимпиаданы қабылдауға қарсы емес

Сурет: REUTERS

Жапония тұрғындарының арасында Олимпиада ойындарын өткізу туралы кезекті рет сауалнама жүргізілді. Бұл жолы халықтың 50% төрт жылдықтың басты додасын қабылдауға қарсы болмаған, деп хабарлайды The Japan Times.

Сауалнаманы Yomiuri басылымы ұйымдастырған. Халықтың 48% болса Жазғы ойындарды қабылдауға үзілді-кесілді қарсы екен. Дәл осы басылым мамыр айының басында жүргізген зерттеуінде халықтың 59% қарсылық білдірсе, 39% қолдау көрсеткен.

Дай-ити институтының мәліметінше, Олимпиада өтпеген жағдайда жапон билігі 13 млрд доллардан қағылуы мүмкін. Осы орайда күншығыс елінің өкілдері бірінші кезекте ойындар кезінде коронавирустың бесінші толқынын болдырмаудың жолдарын қарастыруда. 32-ші Жазғы ойындар 23-шілде мен 8-тамыз аралығы өтеді деп жоспарланған.

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды