Жағажай волейболынан қазақстандық спортшылар алғаш рет плей-офф раундына шықты

©kazsports

Қазақстанның алғашқы құрамасы жағажай волейболынан Азия чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі Спортты дамыту дирекциясының сайтына сілтеме жасап.

Иранның Бендер-Аббас қаласында жағажай волейболынан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Сары құрлықтағы 11 елдің 29 құрамасы 18 қарашаға дейін кім мықтыны анықтайды. Бұл қатарда жарыс қожайыны Иран 4 құрама қосса, Қазақстан, Аустралия, Қытай, Таиланд, Жапония мен Катар 3 командадан жіберді. Оман, Индонезия, Гонконг 2 жұптан аттандырды. Тек Үндістан 1 құрамасына сенім артады.

D тобындағы Дмитрий Яковлев пен Сергей Богату жұбы (Қазақстан 1) ешкімге дес бермей келеді. Олар бүгін Гон Конг (2) құрамасын сенімді жеңді. Есеп: 21:14, 21:15. Кеше Яковлев пен Богату дуэті Аустралия (2) волейболшыларын 1:2 (21:17, 21:23, 10:15) ұтты. Ал алғашқы ойында Оманнан басым түсті (15:21, 15:21). Еліміздің алғашқы құрамасы өз тобынан 1 орынмен плей-офқа жолдама алды.

Нұрдос Алдаш пен Кирил Гурин (Қазақстан 2) F тобында Қытай мен Таиландтан 2-0 есебімен жеңіліп қалды. Олар енді Иран (4) жігіттерімен ойнайды.

Ал Қазақстанның 3-құрамасындағы Владислав Пустинников пен Артём Петросянц алғашқы мачта аустралиялықтарға жол бергенімен (2:0), кеше Жапонияның көшбасшы командасынан басым түсті (1:2).

Айта кетейік, сары құрлықтағы көшбасшы Аустралия құрамасы. Олар осыған дейін 5 мәрте чемпион болған. Индонезия 4, Қытай 3, Иран, Катар, Жаңа Зеландия 2 реттен топ жарса, Қазақстан құрамасы 1 рет алтын жеңіп алды.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды