109 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қос спортшы да жүлдегерлер қатарында жоқ. Берсанов қоссайыс қорытындысы бойынша 376 келіні бағындырып, алтыншы орын иеленді. Илья Ильин 365 келімен 8-орынға тұрақтады.
Ерлер арасындағы сынға барлығы 9 атлет қатысқан. Ауыратлеттер додасында 406 келіні еңсерген қытайлық Янг Же топ жарса, екінші және үшінші орынды Ресей мен Корея спортшылары иеленді.