Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Солтүстік Кореяның Ұлттық олимпиадалық комитетін 2022 жылдың соңына дейін Жазғы ойындардан шеттетіп жіберді, деп хабарлайды РИА Новости. Енді бұл елдің спортшылары Пекинде өтетін қысқы жарысқа қатыса алмайды.
Мұндай жазаны ХОК Солтүстік Кореяның Токиода өткен Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартқаны үшін шығарып отыр.
"Токиодағы Олимпиадаға тек Солтүстік Корея құрамасы ғана қатыспады. Олар өз міндеттерін орындамай, хартияны бұзды. Сондықтан біз Солтүстік Кореяны 2022 жылдың соңына дейін шеттету туралы шешім шығардық. Бірақ ХОК бұл жазаны өзгерту туралы шешімді өз еншісінде қалдырады.
Осы уақыттың ішінде Солтүстік Кореяның Ұлттық Олимпиада комитеті ХОК тарапынан ешқандай қолдауға ие болмады. Егер бұл елдің спортшылары Пекинде өтетін Олимпиадаға жолдама алса, ХОК бұл спортшыларға қатысты арнайы шешім шығарады", - деді ХОК президенті Томас Бах онлайн-конференция кезінде.
Еске салайық, Пекиндегі қысқы Олимпиада ойындары 4 және 20 ақпан аралығында өтеді.