Хабиб Нурмагомедов UFC чемпионы атанды
ММА файтері, ресейлік Хабиб Нурмагомедов титулдық тұңғыш жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы атанды, деп хабарлады Vesti.kz.
ММА файтері, ресейлік Хабиб Нурмагомедов титулдық тұңғыш жекпе-жегінде жеңіске жетіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы атанды, деп хабарлады Vesti.kz.
Оның қарсыласы америкалық Эл Яквинта болды. Бұл белдік бұған дейін ирландиялық Конор МакГрегорға тиесілі болды, ол Нью-Йорк қаласына барып, UFC 223 қатысушылары мінген автобусқа шабуыл жасаған еді, ол автобуста Нурмагомедов те отырған.
Бастапқыда Нурмагомедовтің қарсыласы Тони Фергюсонның болатыны айтылды, бірақ ол сәуірдің басында жарақат алды. Оның орнына отандасы Макс Холлоуэй шыққан еді, жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионын дәрігерлер жекпе-жекке шығармай қойды.
Нурмагомедов жекпе-жекті ашумен бастады - ол сәтті тейкдаун жасады. Алайда Яквинта орнынан тұрып, өз тактикасын орындауға тырысты. Бірақ Хабиб басымдық танытып, бірінші раунд бойы қарсыласын қыспаққа алды, сөйтіп Яквинтаның жеңіске жету мүмкіншілігі төмендей берді.
Екінші раундта да ресейлік басымдыққа ие болды. Нурмагомедов жекпе-жекті уақытанан бұрын аяқтамақшы болды. Ол қылғындыру тәсілін жиі қолданды. Бірақ Яквинта соңына дейін шыдады.
Дегенмен де, Яквинта лайықты қарсылық білдіре алды. Тіпті, төртінші раундта тейкдаун жасауға ұмтылды, сөйтіп, Хабиб уақытынан бұрын жеңіске жетудің амалын таба алмады.
Бесінші раундты америкалық спортшы жақсы бастады. Қарсыласының шаршағанын пайдаланып, бірнеше мәрте соққы берді. Жекпе-жектің соңғы екі минутында Нурмагомедов дистанцияны алшақ ұстап, тейкдаун жасады, бірақ кездесуді уақытынан бұрын аяқтай алмады. Төрешілер бір ауыздан жеңісті Хабибке берді.
Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов UFC чемпионы атанған тұңғыш ресейлік спортшы.
Жарнама