Қазақша жаңалықтар
19 ақпан 2017 15:25
 
Головкиннің тісін қағып аламын деген түркиялық боксшы белорус қарсыласын бірінші раундта тізе бүктірді

  Пікірлер (1)

blog.share

Головкиннің тісін қағып аламын деген түркиялық боксшы белорус қарсыласын бірінші раундта тізе бүктірді © World Boxing Council

Түркиялық боксшы Авни Йылдырым 2017 жылғы маусымын сәтті бастады, ол шаршы алаңда белорус боксшы Александр Сущицпен кездесті, - деп хабарлайды vRINGe.com. 25 жастағы спортшыға қарсыласын жеңу үшін бірінші раунтың жартысы ғана жеткілікті болды.

"Сущиц жақсы бастады, бірнеше рет фаворитке соққы жасап, Авниге жақсы қарсылас бола білді. Мұндай тәсіл тиімді болып көрінді, алайда боксшылардың бір біріне жасаған соққыларының күшін әр түрлі болды. Тез аяқталған кездесуде Йылдырым оң қолымен жақсы соққы жасады, есеңгіреп қалған Александр бұрышқа тізерлеп отырып қалды. Сущиц реферидің онға дейін санағанын күтіп, кезедсідің аяқталғанын күтті, бірақ ол қатты есеңгіреп қалғаны көрінген жоқ", - деп жазады басылым. 

Айта кетейік, осы жекпе-жекке дейін Авни Йылдырым WBC рейтингінде үшінші тұрған, ал WBA бойынша - жетінші, IBF нұсқасы бойынша - сегізінші. Түркиялық боксшы өзі өткізген 15 жекпе-жектің төртеуін бірінші раундта аяқтаған. Ол осы кездесуді санағанда 10 жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады.

Еске салайық, Орта салмақтағы WBC тұжырымы бойынша үшінші орында тұрған түркиялық Авни Йылдырымның аты даумен шыққан промоутері Ахмет Онер орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинге қатысты жағымсыз сөздер айтқан болатын. "Авни оны жеңіп қана қоймай тістерін түгелдей қағып алады", - деген болатын түркиялық промоутер.

blog.share
1

Жарнама

Живи спортом!