Головкиннің әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жегінің ресми анонсы қашан шығады

Сурет: DAZN
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) 5 тамызда қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) мен украиналық Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) арасындағы орташа салмақтағы бос чемпион титулы үшін жекпе-жек өткізуге рұқсат берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Тараптарға келіссөз жүргізуге 30 күн берілді, содан кейін 15 күн ішінде олар IBF-ке келісім-шартын ұсынуы тиіс. Боксшылар 4 қыркүйекке дейін келісе алмаса, промоутерлік сауда өткізіледі.

Головкин бұған дейін IBF титулы үшін жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын растаған. Кездесу 5 қазанда Нью-Йоркте (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтуі мүмкін, онда қазақстандық осы жылдың маусым айында канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) DAZN дебютінде нокаутқа жіберген.

BoxingScene.com ақпараты бойынша, Головкин мен Деревянченконың жекпе-жегінің ресми анонсы жақын арада осы аптаның соңына дейін өтуі мүмкін.
Еске салсақ, Головкин - "Канело" трилогиясы 14 қыркүйекте өтеді деп күтілген еді, алайда, мексикалық боксшы GGG-мен үшінші рет жұдырықтасудан бас тартқан. Мұның орнына Альварес бірінші ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен жұдырықтаспақ еді. Дегенмен ресейлік боксшымен келіссөздер сәтсіз болып, ол қыркүйектегі жекпе-жегін мүлде өткізбейтін болды да, рингке оралуын жыл соңына шегерді.

Ал тамыздың басында IBF өзінің "Канелоға" тиесілі титулын тартып алған. Артынша IBF бос қалған белбеу үшін Деревянченко мен Головкин (39-1-1, 35 КО) жекпе-жегіне рұқсат берді.
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды