Головкин ҰОК басшысы ретінде мәлімдеме жасады
Бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин Ұлттық олимпиадалық комитет президенті қызметіне тағайындалғанына қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.
Бокстан әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин Ұлттық олимпиадалық комитет президенті қызметіне тағайындалғанына қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.
Головкин бұл қызметке ресми тағайындалғаны жайлы кеше, 26 ақпанда белгілі болды.
"Мен үшін енді жаңа бағытта елімізді таныту үлкен абырой. Қазақстанның ҰОК-ін басқаруды ұсынғанда маған Қазақстан спортын дамытуға үлес қосуыма мүмкіндік берсе ғана кандидатурамды ұсынатынымды айттым. Мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Мен сөзбен емес, іспен дәлелдеуге үйренгенмін. Менің өз көзқарасым мен қаншама жылдық халықаралық тәжірибем, командам және ең бастысы - көптен бергі шынайы ынтам бар - осының бәрін өз елімде іске асырғым келеді", - дейді Головкин.
Жарнама