Головкин Альвареспен үшінші жекпе-жек үшін келіссөздер қашан басталатынын айтты

©Reuters
Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) TMZ.com тілшісіне берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) болатын үшінші жекпе-жекке байланысты сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі tofight.ru сайтына сілтеме жасап.

- "Канеломен" үшінші кездесуге қатысты келіссөздер болды ма?
- Әзірге жоқ, Роллспен жекпе-жектен кейін басталады.
- Үшінші жекпе-жектің болғанын қалайсың ба?
- Барлығы қалайды.
Еске салсақ, қазақстандық спортшы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Альвареспен екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылдың қыркүйегінде олардың алғашқы жекпе-жегі тең нәтижемен, ал бір жылдан соң мексикалықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық карьерасындағы алғашқы жеңіліске ұшырады және WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды.
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды