auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

GGG-дің қарсыласы, Роналдудың ашуы және Пакьяоның ерлігі - Спорт жаңалықтарына шолу

GGG-дің қарсыласы, Роналдудың ашуы және Пакьяоның ерлігі - Спорт жаңалықтарына шолу

Өткен демалыста 40 жастағы Мэнни Пакьяо беліне кезекті белбеуін байлады, футбол жұлдызы Криштиану Роналду мен оның бапкері арасында жанжал шыққанға ұқсайды. Ал Дмитрий Баландин Олимпиадаға екінші лицензияны жеңіп алды. Тengrinews.kz тілшісі өткен демалыстағы спорт жаңалықтарына шолу жасады.

Пакьяоның 40 жастағы ерлігі

Филиппиндік Мэнни Пакьяо америкалық боксшы Кит Турманды жеңіп, одан WBA Super белбеуін тартып алды.

Бірінші раундта 40 жастағы Пакьяо әсерлі соққы жасап үлгерді. Ол америкалықты артқа шегініп жатқан жерінен қуып жетіп, нокдаунға түсірді. Мэнни қалған раундтардан шабуылды үдете түскен, алайда Кит алтыншы раундта филиппиндік боксшыдан айласын асырып, жағдайды өз қолына алды. Жетінші раундта америкалық толықтай басым болды деуге болады.

Соңғы раундта екеуі де бір-біріне әсерлі соққылар жұмсап, кешті барынша қызықтыра түсті. Нәтижесінде төрешілер шешімімен жеңіс Пакьяоға бұйырды.

Роналдудың ашуы мен Кейннің ғажабы

Халықаралық чемпиондар кубогы аясында лондондық "Тоттенхэм" мен туриндік "Ювентус" кездескен.

Бұл матч екі қызық оқиғамен есте қалды. Италиялық клубтың шабуылшысы Криштиану Роналду 60-минутта өз командасын алға шығарып, есепті 2:1 қылған. Бірақ үш минуттан соң "Ювентустың" жаңа бас бапкері Маурицио Сарри футболшыны ауыстырып тастады. Роналдуға бапкердің бұл қадамы ұнамаған секілді. Алаң жиегінде португалиялық футболшы бапкерге ашулы түрде бапкердің бұл қадамына қарсылығын білдірді.

Роналду алаңнан кеткен соң "Тоттенхэм" екі гол соғып, жеңісті жұлып әкетті. Әсіресе, Харри Кейннің соңғы минуттарда соққан жеңіс голы әдемі шықты. Форвард қақпашының сәл алға шығып кеткенін байқап, алаң ортасынан соққы бағыттаған - голкипер командасын құтқара алмады. Есеп - 3:2. Кейннің голын жанкүйерлер мен футбол мамандары ғажайыпқа балап жатыр.

20 жастағы футболшының жалақысы 50 миллион еуро?

Франциялық ПСЖ-ның басшылары команданың 20 жастағы шабуылшысы Килиан Мбаппені жалақысы ең көп футболшы қылуы мүмкін. Себебі жас форвардқа Англия чемпионы "Манчестер Сити" көз тігіп отыр.

El Pais ақпараты бойынша, осы трансферден сақтану үшін француз клубының басшылары Мбаппеге жыл сайын 50 миллион еуро беріп отыруға дайын. Мбаппенің өзі "Манчестер Ситиде" ойнауға қарсы емес.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе - әлемнің ең қымбат футболшысы. Оны CIES Football Observatory 252,2 миллион еуроға бағалаған.

Баландин Олимпиадаға екінші лицензияны жеңіп алды

Кванджуда өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында жүзуден жарыс басталды. Бірінші жарыс күнінде команда көшбасшысы Дмитрий Баландин 2020 жылғы Токио Олимпиадасының нормативін орындады.

Дмитрий Баландин. Фото: olympic.kz

ҰОК баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Баландин өз тобында алтыншы нәтиже көрсетті. Ол аталған қашықтықты 59.56 секундта жүзіп өткен. Осылайша, Дмитрий 100 метрлік қашықтықтағы Олимпиада ойындарына А іріктеу нормативін орындады.

Бұл Баландиннің Токио Олимпиадасына жеңіп алған екінші жолдамасы. Қазақстандық спортшы Champions Swim Series әлемдік турнирінде 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Олимпиада жолдамасына иелік еткен еді.

DAZN Головкинге үш қарсылас ұсынды

DAZN стриминг сервисі Геннадий Головкинге қыркүйекте жекпе-жекке шығатын үш боксшыны қарастырып жатыр.

GGG-мен жекпе-жекке үміткерлер - украиналық Сергей Деревянченко, мексикалық Хайме Мунгия және жапониялық Риота Мурата.

Ұсынылған қарсыластардың ішіндегі басты үміткер - Деревянченко. Екі боксшы IBF белбеуін сарапқа салуы мүмкін.

Әлімханұлы 27 жеңісі бар боксшымен жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) келесі жекпе-жегін 17 тамызда өткізеді.

Орта салмақтағы жекпе-жек Лос-Анджелесте (Калифорния штаты, АҚШ) Banc of California Stadium аренасындағы бокс кешінде өтеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы 32 жастағы канадалық Стюарт МакЛеллан (27-3-3, 11 КО) болады. Кездесу он раундқа жоспарланған.

Бір матчта сегіз гол

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 19-турында бірнеше тартысты матч тіркелді. Қостанайда көш басындағы "Тобыл" алматылық "Қайратты" қабылдаған. Командалар екеулеп жүріп сегіз гол соқты. Матч барысында 0:2 есебімен жеңіліп жатқан "Қайрат" жеңісті жұлып әкетті. Қорытынды есеп - 5:3.

Ал турнир кестесіндегі соңғы үш команда да жанкүйерлерін қуанта алды. Соңғы орындағы "Ақтөбе" осы маусымдағы азулы клубтардың бірі "Қайсарды" сырт алаңда жеңді - 1:0. Ал "Атырау" өз алаңында Еуропа лигасына қатысып жатқан "Ордабасыны" 1:0 есебімен қапы қалдырды. Төменгі лигаға ұшу қаупінде тұрған тағы бір клуб "Тараз" "Жетісудан" 2:0 есебімен басым түсті. Ал Қарағандыда жергілікті "Шахтер" мен "Оқжетпес" кездесіп, "кеншілер" жеңіске жетті - 1:0.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
©kff.kz Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
©Instagram/usopen, djokernole, simonebiles Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды
13 қараша, 15:02
Қазақша жаңалықтар
©Коллаж "Чемпионат" Тарихтағы ең мықты спортшы анықталды
9 қазан 2023, 13:08
Қазақша жаңалықтар
©Видеодан кадр Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкім шықты

Жарнама

Жарнама