Геннадий Головкин ISSA вице-президенті лауазымына ресми үміткер атанды

©Vesti.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Азия және Еуропа бойынша Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті лауазымына үміткерлердің ресми тізіміне енді.

Оның кандидатурасы біліктілік және этикалық талаптарға сәйкестігін тексерудің белгіленген рәсімдерінен өтті. Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің атынан ISSA Атқарушы комитетінің 2026-2029 жылдардағы сайлауына үміткер ретінде тіркелді. Тиісті тізім ISSA құрамындағы барлық ҰОК-теріне жолданды.

Сайлау 2026 жылдың 12 қыркүйегінде Сауд Арабиясының Таиф қаласында өтетін ISSA-ның 15-ші Бас ассамблеясы аясында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығы Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық Олимпиадалық комитеттерін біріктіреді. ISSA ұйымдастыруымен өтетін басты спорттық жарыстардың бірі - Ислам ынтымақтастығы ойындары.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport