Генерал Серік Күдебаевқа қатысты жаңа мәлімет айтылды

©ҚР ІІМ баспасөз қызметі

ҰҚК Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов қашып кеткен полиция генералы Серік Күдебаевқа қатысты істің жаңа мәліметтерін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҰҚК Шекара қызметі Қырғызстанмен мемлекеттік шекараны кесіп өтуге болатын жерді іздеп жатыр. Алдажұманов Сенат кулуарында оған көмектескендер болуы мүмкін екенін айтты.

"Болжам бар, ол тауға кетуі мүмкін. Жұмыс жалғасып жатыр. Түсінесіздер ғой ол жерде тау жотасы 672 шақырым ғана. Оның өзі шыққан жерде, тауда, елді мекенде шаруашылығы бар. Негізінде, өткізуге көмектескендер де болуы мүмкін. Біз таулар арқылы шығу нұсқасын қарастырып жатырмыз", - деп түсіндірді Алдажұманов.

 
Ол Бас прокуратура қылмыстық іс қозғағанын еске салды.

"Қандай ақпарат болса да, мен енді Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сіздерге бере алмаймын. Менің тобым жұмыс істеп жатыр, тергеу жүріп жатыр, тергеу бөлек, ішкі тергеуіміз бөлек. Қырғызстандық әріптестерімізден күтеміз – олар осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. Қырғыз Республикасының Бас прокуратурасы жауапты, олар бізге әзірге ақпарат бере алмайды", - деп қосты Ерлан Алдажұманов.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды