Фристайлшы Юлия Галышева АҚШ-та алтын алды

Юлия Галышева. Сурет: olympic.kz
Бүгін таң ата алыстағы Америкадан қуанышты хабар жетті. АҚШ-тың Юта штатына қарасты Дир-Вэлли тау курортында Қазақстанның әнұраны шырқалған екен.

Айтулы жерде фристайл-могулдан FIS Open деп аталатын халықаралық турнир өтуде. Әйелдер арасындағы сайыста Юлия Галышева алдына жан салмай, алтын алқа тағынды. Әр жылдары Олимпия ойындарының қола жүлдегері, әлем чемпионы, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері, Азия ойындарының үш және Дүниежүзілік Универсиаданың екі дүркін жеңімпазы атанған қазақстандық спортшы бұл жолы да өрелі өнерімен жанкүйерлерді қуантып, дүбірлі додада дара талантымен оқшауланды. Бұл бәсекеде екінші және үшінші орындарды АҚШ-тың қос өкілі – Авиталь Кэрол мен Элизабет Лэмли иеленді.

Ерлердің жарысы америкалық Джоэл Хедриктің жеңісімен аяқталды. Оның отандастары Коул Макдональд пен Алекс Льюис күміс пен қола медальді еншіледі. Жерлестеріміз арасынан Павел Колмаков ең үздік нәтиже көрсетті. Ол сегізінші орынға табан тіреді.


Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды