Федор Емельяненко бұрынғы UFC чемпионын нокаутқа түсірді

Федор Емельяненко. Сурет: Fight Nights Global 50

Федор Емельяненко жеңіліске ұшырағаннан кейін 11 ай өткен соң жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қаңтарда америкалық файтер Райан Бейдерден жеңіліп қалған ресейлік бүгін АҚШ-тың басқа спортшысымен, UFC экс-чемпионы Куинтон Джексонмен кездесті.


Бұл Сайтамда (Жапония) өткен Bellator 237 аралас жекпе-жек турнирінің басты оқиғасы болды. Емельяненко бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірді.


Енді ресейлік спортшының қоржынында ММА-ден 46 жекпе-жек бар, оның 39-ы жеңіспен аяқталған. Сонымен қатар, алты рет жеңілген, тағы бір жекпе-жек өтпей қалған. 


Айта кетейік, қоштасу туры аясында 43 жастағы Емельяненко тағы екі жекпе-жек өткізеді.


"Өкінішке қарай, менің карьерам аяқталады. Мүмкін, бұл менің Жапониядағы соңғы жекпе-жекім", - деді ресейлік спортшы жеңістен кейін.


Метки:
UFC
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды