Федор Емельяненко жеңіліске ұшырағаннан кейін 11 ай өткен соң жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қаңтарда америкалық файтер Райан Бейдерден жеңіліп қалған ресейлік бүгін АҚШ-тың басқа спортшысымен, UFC экс-чемпионы Куинтон Джексонмен кездесті.
Бұл Сайтамда (Жапония) өткен Bellator 237 аралас жекпе-жек турнирінің басты оқиғасы болды. Емельяненко бірінші раундта-ақ қарсыласын нокаутқа түсірді.
Енді ресейлік спортшының қоржынында ММА-ден 46 жекпе-жек бар, оның 39-ы жеңіспен аяқталған. Сонымен қатар, алты рет жеңілген, тағы бір жекпе-жек өтпей қалған.
Айта кетейік, қоштасу туры аясында 43 жастағы Емельяненко тағы екі жекпе-жек өткізеді.
"Өкінішке қарай, менің карьерам аяқталады. Мүмкін, бұл менің Жапониядағы соңғы жекпе-жекім", - деді ресейлік спортшы жеңістен кейін.