Бүгін Шымкент қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Бауыржан Тұманбаев үшінші мегаполистің ескек есушілер, каное бапкерлеріне федерация президенті болуға кандидат ретінде Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбай Бақтыбайұлын ұсынып, ол бірауыздан президент болып сайланды.
Айта кетсек, Шымкент қаласының ескек есу және каноедағы жетістіктері жетерлік. Ағайынды Емельяновтар қазірді таңда Азия бойынша ең мықты спортшылар болып саналады. Тіпті Токиодағы олимпиада ойындарында финалдық бәсекеге дейін жеткен.
"Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында баршаға қолжетімді спорт бағыты бар. Алдағы уақытта осы бағытта жұмыс атқарып, алғашқы межеміз 2022 жылы Азия ойындарының алтынын жеңіп алу болады. Еліміздегі дамушы спорт түріне жататын ескек есу және каное спортының орталығы Шымкент қаласы деп есептеймін. Себебі біздің өңірдің спортшылары талай рет әлем чемпионы, Азия чемпионы атанған. Қаламыздағы Тоғыс су қоймасында ескек есу базасында халықаралық деңгейде спортшыларды тәрбиелеуде. Алайда шешімін таппаған мәселелер бар. Ең бастысы ескек есу базасын әлемдік стандартқа сай жабдықтау керек. Алдымен спортшыларымызға жағдай жасайық. Сол кезде Парижде өтетін олимп шыңын бағындырамыз деп сенемін", - деді Н.Бұхарбай.