Ерғалиев спорт министрлігінде Серік Сәпиевтің орнын басты

©primeminister.kz

ҚР мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Самат Серікқанұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Самат Ерғалиев 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Д.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. 

Еңбек жолын 2004 жылы жеке компанияда жабдықтау жөніндегі менеджер лауазымынан бастады.

2012-2018 жылдары "Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясы" РМҚК түрлі лауазымдарда қызмет атқарды.

2018-2020 жылдары - "Спортты дамыту дирекциясы" РМҚК директоры.

2020 жылғы сәуір-қараша аралығында - "Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысының міндетін уақытша атқарушы; міндетін атқарушы.

2020 жылғы қарашадан бастап қазіргі уақытқа дейін "Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ басшысы болды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды