Элизабет Тұрсынбаева: Күміс медаль мен үшін күтпеген жүлде болды
olympic.kz
Жапонияда өтіп жатқан мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева жарыс соңындағы баспасөз мәслихатында журналистер сұрағына жауап берді деп жазады Olympic.kz тілшісі.
Журналистер қауымы Тұрсынбаеваға төрттік сальховты орындауға қатысты сауал тастаған.
"Қазіргі қуанышымда шек жоқ. Күміс медаль мен үшін күтпеген жүлде болды. Осы сәтке дейін бұл элементті таза орындағаныма сене алар емеспін. Таңертеңгі жаттығу сәтімен өтті. Соңғы екі жарыста сальховты орындау барысында қате жібергенімді білесіздер. Міне, бүгін таза орындап шықтым. Мұз айдынына бет алған кезде өзімді керемет сезінгенмін. Сол сезім соңына дейін жоғалған жоқ", - деді Тұрсынбаева.
Еске сала кетейік, Элизабет Тұрсынбаева Қазақстан спортының тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ол Жапонияның Сайтама қаласындағы әлемдік сында жалпы есебі 224.80 ұпай жинап, тұғыр биігіне көтерілді.
Сондай-ақ, әйелдер арасында төрттік сальховты тұңғыш орындаған спортшы ретінде тарихта қалды.

Жарнама