Елдос Сметов моңғол әлем чемпионын жығып, алтын медальға ие болды

Елдос Сметов. © instagram/smetoveldos
Дзюдодан Будапештте өтіп жатқан Гран-при турнирінде ел қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. 60 келіде белдескен Елдос Сметов турнир жеңімпазы атанды, - деп хабарлайды Olympic.kz тілшісі.

Финалда Елдос Сметов пен моңғолиялық Ганбат Болдбаатар кездесті. Тартысты жекпе-жекте Елдос айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Алдымен "ваззари" ұпайын алған ол кездесу аяқталуға санаулы секунд қалғанда қарсыласын "иппон" ұпайымен жеңді.

Еске салайық, Ганбат Болдбаатар 2014 жылы әлем чемпионы атанса, Елдос Сметов 2015 жылы әлемдік сында жеңімпаз атанған.
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды