Дзюдодан Қазақстан құрамасы Азиаданың күміс медаліне ие болды
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарының финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Дзюдодан Қазақстан құрамасы Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарының финалында жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық дзюдошылардың қарсыласы Жапония командасы болды, ол отандық спортшыларымызды 4:0 есебімен жеңді.
Қазақстан құрамасынан татамиге Жансай Смағұлов (73 келіге дейін), Ислам Бозбаев (90 келіге дейін), Севара Нишанбаева (57 келіге дейін) және Зере Бектасқызы (70 келіге дейін) шықты.
Айта кетейік, бұл күміс медаль бүгін Қазақстан қоржынына түскен алтыншы болып отыр.
Жарнама