Допинг қолданғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Келесі жылдың 1 наурызынан бастап Қытай билігі тыйым салынған заттарды қолдануды қылмыстық құқық бұзушылық ретінде қарастырады. 

Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, мұндай шешім парламент отырысында қабылданған. Енді, допинг қолданғаны үшін айыпталғандар айыппұлдан бөлек, үш жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар, тыйым салынған дәрілерді қолдануды ұсынған немесе мәжбүрлегендерге бұрынғыдан да қатаң жаза қолданылады.

Айта кетейік, допингке қарсы күрес 2004 жылы ҚХР Мемлекеттік Кеңесі бүкіл елде спортта стимуляторларды қолдануды шектейтін алғашқы заңды ережелер күшіне енгендігін жариялаған кезде басталды. Ал 2020 жылдың қаңтарында Қытайдың Жоғарғы Халық сотының допингті жоюға бағытталған шаралары жарияланды.
Метки:
Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды