Димаш Құдайберген допингпен ұсталған ресейлік спортшыға қолдау білдірді

©UGC

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада мәнерлеп сырғанаудан Ресейдің намысын қорғап, допингпен ұсталған Камила Валиеваға қолдау білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Құдайберген Instagram парақшасында пост жазып, ресейлікке үндеу жасады. 

Қазақстандық спортшы допинг дауына қалған ресейлікке қолдау білдірді

"Құрметті достар, мен қазақстандық спортшыларды қолдайтыныма қарамастан керемет талантты, көрші елдегі қарындасым Камила Валиеваға демеу беріп, қатты қысымнан кейінгі керемет өнерімен құттықтағым келеді. Қыздың жасы бар болғаны 15-те, бірақ, ол тұрақтылық пен мінез көрсетті. Құрметті ресейліктер, мәнерлеп сырғанаудан осы бір кішкентай патшайымның сенімді жеңісімен құттықтаймын", - деп жазды әнші. 

Айта кетейік, Валиева Ресей құрамасымен бірге Бейжіңде командалық сайыста бірінші орын алды. Ал допинг дауынан кейін ол жекелей сындағы қысқа бағдарламаны бірінші болып аяқтады. Ал әйелдер арасындағы еркін бағдарлама 17 ақпанда өтеді. 

15 жастағы спортшыны жекелей сындағы жарысқа бір күн қалғанда жіберген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар
24 сәуір, 15:02
Қазақша жаңалықтар
Қазақстандық бапкер 10 жылға сотталып кетті
11 наурыз, 18:00
Қазақша жаңалықтар
Олжас Абраев басқа қызметке ауысты
29 желтоқсан, 09:08
Қазақша жаңалықтар
Әлемдегі ең мықты екі спортшының есімі аталды