Қазақша жаңалықтар
28 қараша 2017 11:35
 
Денис Тен ауыр жарақаттан кейін секірудің қаншалықты қиын екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Денис Тен ауыр жарақаттан кейін секірудің қаншалықты қиын екенін айтты

Қазақстандық мәнерлеп сырғанау шебері Денис Тен ауыр жарақатынан кейін қайта бабына келудің қаншалықты қиын болып жатқаны туралы әңгімеледі.

Еске сала кетсек, жуырда ол Қытайдың Шанхай қаласында өткен Shanghai Trophy турнирінде еркін бағдарлама бойынша үшінші орынды алған болатын.

"Құттықтағандарыңызға рахмет! Францияда өткен Гран-при кезеңі мен Қытайдағы Shanghai Trophy турнирінде өзімді дамыта алғаныма қуаныштымын. Жарыстар мені қайта бабыма келтіреді.  Күн сайын ең жоғары деңгейде жаттыға алмаймын. Қалған жаттығудың орнын залдағы жұмыспен толтыруға тура келеді. Мұздағы әрбір секіріс, аяқпен мұзға түсердегі мүлт кету жарақат орнына соққы береді", - деп жазды Тен Инстаграм парақшасында.

"Бүгін тобығыма киген брейсті (brace) шештім. Алматыда болатын аз күннің ішінде медициналық тексеруден өтемін. Мұзда кездескенше!" - дейді ол.

Бұрын ол 2018 жылы Кореяда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына қатысудан бас тартпайтынын білдірген болатын. Ол үшін спортшы аяғына жасалуы тиіс отадан да бас тартты.

Жарнама

Живи спортом!